Егер бизнесіңізге автокөлік сатып алуды жоспарласаңыз, автолизингті ресімдеуді онлайн — BCC Business мобильді қолданбасындағы MiniApp BCC Leasing арқылы бастауға болады.
MiniApp бөлімшеге бармай-ақ, бастапқы негізгі кезеңдерден өтуге мүмкіндік береді: серіктес пен автокөлікті таңдап, дилердің коммерциялық ұсынысындағы деректерді енгізіп, алдын ала есепті алып, өтінімді қарауға жібере аласыз.
Сервис 2026 жылғы 19 сәуірде іске қосылды. Қазір ол ЦентрКредит Банкінде ішкі айналымы бар ЖШС құрылтайшыларына қолжетімді.